Балабақша - мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту қызметін жүзеге асыратын білім беру ұйымы. Балабақшада балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес танымдық, шығармашылық, тілдік, әлеуметтік және дене дамуына бағытталған жұмыстар жүргізіледі.
Біздің балабақшада әрбір балаға қолайлы, қауіпсіз және жайлы орта қалыптастырылған. Тәжірибелі педагогтар балалардың қабілеттерін дамытып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және мектепке жан-жақты даярлауға ерекше көңіл бөледі.
Балабақшаның негізгі мақсаты – баланың жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасап, оның жан-жақты дамуына ықпал ету.